Высший казахский гуманитарно-технический колледж

                                                                                                                                   

Шақыру Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында 22.11.2021 ж. Жоғары казақ гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қонақтарымен әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында Ақмола облысы поляктар бірлестігі төрағасының орынбасары Лендель Полина Александровна , Ақмола облысы Дін істері басқармасының "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ ақпараттық - түсіндіру жұмысы бөлімінің дінтанушысы Манатова Сания Абаевна, "республикалық славян лад қозғалысы"қоғамдық бірлестігінің төрағасы Крамаренко Максим Борисович сияқты қонақтар қатысты.Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі ұлттық саясатты жүзеге асыратын негізгі қоғамдық институтқа айналды. Бүгінде ол Қазақстан Республикасының Парламентінде өкілдігі бар конституциялық орган болып табылады.

 

Қоғам мен мемлекет арасындағы өзіндік көпір ретінде Ассамблея Қазақстанда ғана емес, оның шекарасынан тыс жерлерде де беделді, танымал ұйымға айналды. Оның қызметі халықаралық қауымдастықтың жоғары деңгейінде бағаланды. Ел Президенті айтқандай: «Бұл біздің қазақстандық ноу-хау, біз оны мақтан тұтамыз және мұқият қорғауға тиіспіз».

Студенттерге Ассамблеяның негізгі мақсаты – қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық татулықты, ұлттық бірлікті қамтамасыз ету түсіндірілді. Нәтижелі жұмыс үшін ғылыми-сараптамалық орталық, мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы, журналистер клубы, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде.Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйіне баруға ниет білдірді

 

 

Мекен-жайымыз:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 228

  • Телефон8(7162) 32-62-34, 32-61-67  
  • Факс:  8(7162) 32-62-34, 32-61-67

Подпишись

Подпишись и на вашу почту будут рассылать информацию про учебу