0507000 «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»
Біліктілігі: 050706 3 «Супервайзер (аусым басшысы)»
Кәсіптік құзыреттер:
-қонақ үй шаруашылығы бөлімдеріндегі персоналдарды басқару және ұйымдастыру;
-кадр ресурстарының жұмыс тиімділігін арттырудың қазіргі кездегі әдістерін, клиенттермен қарым-қатынастың психологиялық негіздерін қолдану;
-басқару құжаттамаларды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізу және рәсімдеу;
-жарнама түрлерін, оның қызметтерін және халықаралық нарықтағы кәсіпкерлік қызметінің қағидаларын пайдалана отырып маркетингтік қызметтерді жүзеге асыру;
-заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы есептер жүргізу;
-қызмет кезінде автоматтандырылған қонақ үй бағдарламаларын, оргтехниканың заманауи құралдарын қолдану;
-клиенттердің іскерлік қарым-қатынас үшін психологиялық және әлеуметтік негіздерді, ұйымдастыру және басқару қызметінің этикасын пайдалану;
-валютамен, төлем құжаттамаларымен сауатты жұмыс істеу және корреспонденцияларды мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізу;
-қонақ үй шаруашылығы ғимаратын пайдалану және жабдықтарды қолдануға қатысты сұрақтардышешу;
-кәсіпорындағы персоналдардың өндірістік, ұйымдастыру, психологиялық, эстетикалық қызмет көрсету мәдиниетінің аспектілерін сақтауға бақылау жасау.
Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.
Мамандық бойынша оқыту мерзімі:
9 сынып негізінде – 3 жыл 6 ай;
11 сынеп негізінде – 2 жыл 6 ай;